Семейде оқушы 15 рет пышақ жарақатын алған, оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
"КТК" телеарнасы мәліметінше, 13 жастағы екі сыныптас бір-бірін пышақтап тастаған. Қазір біреуі үйінде емделіп жатса, енді бірі жансақтау бөлімінен шығарылған. 13 жастағы екі оқушы күреске бірге қатысқан, дос та болған.
Абай облысының Полиция департаменті 10 қыркүйекте дене жарақаттарымен екі адам ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою, сондай-ақ, олардың заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Түпкілікті шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады", - деді полиция.