Семейде әйелдің аяғы эскалатордың арасына қысылып қалды

Семейде әйелдің аяғы эскалатордың арасына қысылып қалды
Фото: видеодан скрин

Семей қаласындағы Shygys Mall сауда және ойын-сауық орталығында әйелдің аяғы екі эскалатордың арасындағы саңылауға қысылып қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әйел өздігінен шыға алмағандықтан, оқиға орнына құтқарушылар шақырылған.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мамандары гидравликалық құралдың көмегімен екі эскалатордың арасындағы техникалық саңылауды кеңейтіп, 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты.

"Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралмен екі эскалатордың арасындағы техникалық саңылауды кеңейтіп, әйелді құтқарды", – деп хабарлады ведомство.

Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек алуы үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.