Коронавирус пандемиясына байланысты журналистердің кәсіби мерекесі күніне орай берілетін марапат кейінге шегерілген еді.
Бірақ басшылар ретін тауып, қалам иелерін "игіліктің ерте кеші" болмайды деп, бір топ журналистерге атқарған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті.
55 жылдық тарихы бар "Semei” телеарнасының ұжымына облыс әкімінің алғыс хаты арнаның диреткоры Хасен Молдабаевқа табыс етілсе, арнаның редакторы Гүлназ Каукен өңір журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін "Біз Біргеміз" аталымы бойынша үздік деп танылып дипломмен, БАҚ саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін телеарна директорының орынбасары Бектұрсын Зикибаев арнайы дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ телеарнаның журналисі Маржан Нұрышеваға ҚР Президентінің гранты ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат табыс етті.
Ал “Semei” телеарнасының журналисі Қуаныш Рахметоллаұлы БАҚ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты берілді.
Думан Бықай