SCAT әуе компаниясымен бірге Шанхайға саяхаттаңыз!

Сағыныш Сардарова 18 нау. 2025 11:55 157

29 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы «Шымкент - Шанхай» бағытындағы жаңа рейсті іске қосады! Ежелгі дәстүрлер мен болашақтың қарқынды ырғағы тоғысқан заманауи мегаполис енді қазақстандық саяхатшылар үшін де қолжетімді. Рейстер аптасына екі рет, яғни дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Бар-жоғы бірнеше сағат ішінде ұшып, Шанхайдың қайталанбас атмосферасын сезініңіз!

Неліктен Шанхайға бару керек?

Шанхай - ежелгі дәстүрлер мен қазіргі заман тоғысқан қала. Вайтань жағалауында серуендеп жүріп, отаршылдық дәуірдегі зәулім ғимараттар мен Пудун ауданындағы заманауи зәулім ғимараттар арасындағы керемет контрасқа куә боласыздар. Қаланың ең әсерлі символдарының бірі - Шығыс інжу телемұнарасы. Оның жарқыраған шарлары қаланың үстінде қалықтап, ал алаңқайлары ғажап панораманы ашады.

Қаланың қарбаласынан шаршасаңыз, Юйюань бағына барыңыз. Ол - мегаполистің орталығындағы тыныштық пен үйлесімділік оазисі. Ежелгі павильондар, көпірлер, тұқылар жүзіп жүрген тоған арасында серуендеу Мин әулеті кезіндегі Қытай атмосферасын сезіндіреді.

Қаланың рухани мұрасына бойлау үшін Нефрит будда ғибадатханасына барған жөн. Оның талғампаз архитектурасы мен будданың әсем нефрит мүсіндері көркімен, тыныштығымен таңғалдырады. Бұл - сәл аялдап, сол сәттен ләззат алғыңыз келетін орын.

Шанхай зәулім ғимараттар мен сауда орталықтарынан ғана тұрмайды. Уақыт құдды баяулап қалатын қаланың әр түкпірі сізге сол мәдениетке енуге және осы таңғажайып қаланың қайталанбас атмосферасынан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Билеттерді қалай сатып алуға болады?

Билеттерді scat.kz сайтынан, SCAT мобильді қосымшасынан, әуекомпанияның өкілдіктерінен, сондай-ақ, кез келген онлайн агрегаторлардан және қалаған авиакассадан брондауға болады.

SCAT әуекомпаниясымен ұшудың артықшылықтары

SCAT әуекомпаниясымен сіздің сапарыңыз барынша жайлы өтпек. Қазақстанның барлық негізгі бағыты бойынша ыңғайлы рейстер, заманауи лайнерлер және сапалы сервис - осының бәрі Шанхайға сапарыңызды жағымды атмосфераға толтырады.

Саяхатшылар үшін маңызды ақпарат

Егер сапар 30 күннен аспаса және жеке мақсаттарға, туризмге немесе бизнеске байланысты болса, Қазақстан азаматтары Қытайға визасыз бара алады. Сіздің сол елде болу мерзіміңіз осы кезеңге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Басқа елдердің азаматтарына сапар алдында Қытай елшіліктерінен немесе консулдықтарынан елге кіру ережелері мен виза талаптарын нақтылау ұсынылады.

SCAT әуекомпаниясымен бірге Шанхайға саяхаттаңыздар, бұл - ешкімді бей-жай қалдырмайтын қала!


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар