Сайрам ауданына қарасты елді мекендерде балабақшалар құрылысы басталады

Сайрам ауданына қарасты елді мекендерде балабақшалар құрылысы басталады
Сайрам ауданының экономикалық әлеуетін арттыру өңірдегі өзекті мәселелердің бірі. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев ауданның өндірістік-шаруашылық потенциалын әлі де өрлетуге болатынын бірнеше рет айтқан. 

"Әлеуметтік мәселелерді шет қалдыруға болмайды. Сайрам ауданының тұрғындарына қажетті әлеуметтік нысандар салуы жүйелі, жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет", – деген болатын өңір басшысы өз сөзінде.

Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатыныңбюджет және экономикасының дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық мәслихаттың жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімінде көрсетілген мәселелер қаралған еді.

Тұрақты комиссия қарауымен жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімінде көрсетілген Сайрам ауданындағы жобалар қаралып, оның тізімі мақұлданды.

Атап айтар болсақ тұрақты комиссияның келісімімен Сайрам ауданында төмендегі жобалар жүзеге асатын болды.

-Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округінің Ақсукент-2 ауылындағы Абылайхан атындағы орта мектеп ғимаратының балабақша етіп қайта құру;

-Манкент ауылдық округінің Манкент ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы;

-Қарасу ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы;

-Манкент ауылындағы 200 орындық мектеп-интернатының құрылысы;

-Сайрам ауданындағы КХ-3 «Көксәйек — Ақсу — Шаян — Мыңбұлақ — М32 р/ж» автомобиль жолының 3-25 шқ. күрделі жөндеу.