Сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге үлес қосамыз

Dalanews 22 қыр. 2022 12:56 809

Бүгін елеміздегі Партиялық емес байқау орталығы кезектен тыс Президенті сайлауын байқауға қатысты өздерінің мәлімдемесін жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Партиялық емес байқау орталығы елдің сайлау процестеріне жүйелі түрде қатысады.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 20 қарашаға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындады.

Биліктің ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қағидаттарына адалдықты баса көрсете отырып, біз сайлау процесіне белсенді қатысуға және президенттік сайлауды объективті бақылауды жүзеге асыруға ниетімізді білдіреміз.

Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз.


Алдағы сайлау – әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға, ол еліміздің көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды.

Біздің басты мақсатымыз – бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялылығының мүлтіксіз сақталуына атсалысу.

Біз сайлауға дайындықтың барлық сатыларында және дауыс беру күнінде байқауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам күштерін тартуға ниеттіміз.

Біз – әділ сайлау үшін, ертеңгі күнге деген сенім үшін, еліміздің жарқын болашағы үшін!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар