Екі жылдық пандемиядан кейін шекаралар ашылып, көптеген адамдар жаңа елдерге сапар шегуге аттанды. Кейде саяхат кезінде бәрі біз жоспарлағандай керемет бола бермеуі мүмкін. Әйтеуір бір кілтипан шығып жатады.
Ал демалыс жақсы әсер қалдырсын десеңіз, медициналық сақтандырудан бөлек «Саяхатшыларды қорғаудың» да маңызы зор. Бұл сіздің күтпеген саяхат шығындарынан қорғауға қарсы амалыңыз болады.
Интернетте сақтандыруды рәсімдеу босқа ақша мен жүйкені кетіретіні туралы жиі жазады. Алайда, сақтандыру түрін ақылға салып таңдасаңыз және оның қалай жұмыс істейтінін алдын ала анықтасаңыз, шетелде дәрігерге барудан, дәрі-дәрмек пен операциядан үнемдей аласыз. Тіпті, саяхат кезінде немесе жолға шығарда сапардан мәжбүрлі түрде бас тарту және басқа да жағымсыз жағдай кезінде шешімін табуға болады.
«Саяхатшыларды қорғау» –Home Credit Bank-тен сатып алуға болатын «Сентрас Иншуранс» СК АҚ-ның сақтандыру өнімі. Бұл сізге әртүрлі жағдайда көмекке келуі мүмкін. Мысалы, рейс тоқтатылғанда немесе басқа уақытқа ауыстырғанда, жүгіңіз бен құжатыңызды жоғалтқан кезде де пайдалы. Мұндай ұсақ-түйектің өзі турист өмірін кәдімгідей бұзатын кедергі.
Әуесқой туристер үшін бір жылға 5800 теңгеге сақтандыруды мұқият қарастырған жөн. Ал демалысын нақты жоспарлаған адамдар үш айға 2320 теңгеге сақтандыру алуға болады. Сақтандыру полисін сатып алу бұл шығындарды төлеуден әлдеқайда тиімді, ал былай есептегенде сақтандыру төлемі 1 миллион теңгеге дейін жетеді.
Сақтандыру қай кезде жұмыс істейді?
Сапардан бас тарту. Егер сіз демалысты алдын ала жоспарлаған болсаңыз, онда сақтандыру сапардан бас тартқан жағдайда сақтандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, сізге виза берілмесе немесе сапарға шығуға бір-екі күн қалғанда ауырып қалсаңыз, сондай-ақ үйіңізде төтенше жағдай орын алса, сақтандырушы сізге 200 мың теңгені қайтарып береді.
Ұшудың кешігуі. Рейстің кешігуі кезінде тұруға және тамақтануға ақша жұмсауға тура келсе, сақтандырушы сізге әуе тасымалы үшін 150 мың теңгеге дейін, ал теміржолда 50 мың теңгеге дейін өтемақы береді.
Әуежай аумағында және ұшу кезінде апат салдарынан өмірге немесе денсаулыққа зиян келтіретін жазатайым оқиғалар. Бұл әуе тасымалында ғана емес, пойызбен жүруге де жарамды. Сақтандыру компаниясы әуе және автомобиль тасымалы үшін – 1 000 000 теңгеге дейін, темір жол тасымалына – 200 000 теңгеге дейін өтемақы төлейді.
Жүктің жоғалуы. Егер шабаданыңыз жолда жоғалып кетсе, сақтандыру 100 мың теңгеге дейін алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл зергерлік бұйымдарға, үлкен сомаға және антиквариатқа қатысты емес.
Жол жүру кезінде құжаттарды жоғалту. Сақтандырушы құжаттар жоғалған жағдайда 20 мың теңгеге дейін төлейді. Бұл сіздің тұрақты тұрғылықты жеріңізден тыс жерде болған кезде жоғалған құжаттарды (шетелдік төлқұжат, жеке куәлік) қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Сонымен, саяхатшыны сақтандыруды рәсімдеуден не ұтасыз? Біріншіден, жоғарыда аталған жағдайлардың барлығын өтейді, екіншіден сақтандыру келеңсіздік туған кезде және қосымша шығындардың бәрін өтейтінін біліп, уайымға берілмейсіз.
Сақтандыруды қалай рәсімдеуге болады? Мына сайтқа өтіп, онлайн өтініш беріңіз.