– Қазір ғана соттан шықтық. Біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды. Семей қалалық сотының шешімі бұзылды. Бүгін үлгермейтін шығар. Ертең Саят Ыбырай шығуы керек, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Адвокатының айтуынша, сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді. Бұған дейін елдегі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Саят Ыбырайды босату жөнінде Қазақстан президентіне бірнеше мәрте хат жазған. Саят Ыбырай 2011 жылы "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Ол 2011 жылы желтоқсанда сырттай Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлыққа ие болған. 2013 жылы қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы Саят Ыбырайды елдегі "ар-ұждан тұтқындары" қатарына кіргізген.
Дереккөзі: Азаттық порталы