Саяси сауатсыздық

Dalanews 20 ақп. 2015 09:57 891

Қазір дүниежүзі Украинадағы жағдайды жіті бақылап отырғаны белгілі. Әсіресе Батыс елдерінің ақпарат құралдары сағат сайын материал жариялап, жұртқа тың жаңалықтар ұсынып келеді. Батыстағы кейбір әріптестеріміз Украинадағы жағдайдан хабары болғанымен ондағы саяси тұлғалардың жыға танымайтыны бізді таңқалдырды.  

Таяуда Ұлбританияның аузымен құс тістеген үздік басылымдарының бірі The Economist «норманд төрттігінің» өткізген жиынына арнап карикатура салып, Порошенко мен Лукашенконы орынын алмастырып жібергенін көргенде аттан ауып түсіп қала жаздадық. Күнделікті шығатын басылымның суретшісі саяси жағдайлардың жетік білмейтін шығар. Бірақ карикатура басылымда жарияланған дейін талай журналистердің сүзгісінен өткені анық. Олар мұны неге байқамаған? Сонда журналистердің көршілес екі елдің президентін танмайтын болғаны ма? Мұны енді саяси сауатсыздық демеске лажың жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар