Сәуірдің басында да теңге нығая түсті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,13 теңге болып, 1,12 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 504,44 теңге.
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 501,08 теңгеге, сату бағамы 503,19 теңгеге тең.
Ал Астанада америкалық валютаны орта есеппен 498,49 теңгеден сатып алып, 504,49 теңгеден сатып жатыр.