Семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің оқыту тәжірибелеріндегі функционалдық сауаттылықты дамытуды жетілдіру және курстан кейінгі қолдау әрекеті бойынша ұйымдастырылды.
Семинарға Алмалы аудандық Білім бөлімінің басшысы Койшыбаева Зоя Кашкинбаевна, бас әдіскері Нурбаева Асем Джандарбековна, «Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жартынова Жанар Әлібекқызы, Есентаева Айжан Ыдырысқызы, Қарабалева Назерке Әлімбайқызы, Аюпова Назым Алиятовна, ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері Рымтай Құлжабайқызы және де 40-тан аса қала мектептерінің пән мұғалімдері, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар №96 жалпы білім беретін мектептің директоры Жұмағалиева Райгүл Халыққызының алғы сөзімен басталды.
Бұдан кейін Алмалы ауданы Білім бөлімінің басшысы Қойшыбаева Зоя Қашқынбайқызы алып, келген қонақтар мен мектеп ұжымына игі тілегін білдірді.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Республикалық кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, аға оқытушы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жартынова Жанар Әлібекқызы жалпы функционалдық сауаттылықтың атқаратын қызметі туралы айтып өтті.
Семинардың теориялық бөлімінде «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптасытру» тақырыбы бойынша белсенді оқыту тренингі жүргізілді. Тренингте функционалдық сауаттылықтың барлық түрлерін дамыту, сабақты жоспарлауда түсініп қолдану идеялары ұсынылды. Тренингті ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Рузанова Эльмира Серікбайқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берденова Анар Сихымбайқызы жүргізді.
Нақты тәжірибелік кезеңде оқу сауаттылығын дамытуға арналған қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәніндегі мәнмәтіндік тақырыптарды біріктіретін дайджест сабақтар көрсетілді. Бұл тәжірибедегі жаңашылдық – үш тілде оқушылардың оқу сауаттылығындағы ақпаратты түсіну, рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру мақсат етілді. Дайджест сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сейдашим Қамбар Ғазизұлы, Абдикаримова Наргиза Сейлбекқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ағытаева Эльмира Амангелдіқызы, Жұмабаева Улшат Тәлімқызы, Қадыралы Әйгерім Нұрланқызы, тарих пәні мұғалімі Жармағамбетова Айгүл Еркінқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Әлібекова Баян Бегалықызы, Тұртаева Бегайым Орынбасарқызы, Джуванишева Венера Ерғазықызы өткізді.
Тәжірибелік-семинар соңында Республикалық кәсіби даму институтының жаратылыстану, математика және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың мазмұны мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр, тренері Есентаева Айжан Ыдырысқызы PISA халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасындағы соңғы бес жылдың талдау нәтижесімен бөлісті. Кері байланыс ретінде келген қонақтар мен семинарға қатысушыларға сұрақтар қойып, мәселелерді шешу жолдарын қалыптастыратын іс-шаралар жоспарын жасады.
Келесі сөз кезегін Алмалы ауданы Білім бөлімінің бас әдіскері Нұрбаева Әсем Жандарбекқызы алып, семинар бойынша өз ойымен бөлісіп, дайджест сабақтардың өте жоғары деңгейде өткізілгенін атап айтып, мектеп ұжымына игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, ардагер ұстаз, семинарымыздың қонағы, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері Рымтай Құлжабайқызы өз заманы мен бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықты айтып, өз ойымен бөлісті.
[video width="480" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2023/12/video-0214.mp4"][/video]