Ішінен шіріген жаңғақты кез келген адам оп-оңай шаға салады. Егер өз ішіңде жау жүрсе, ол күндердің күні түн жамылып, қақпаңды жауға ашып бере салады.
Егер Казақстанда тұратын біреу біздің мемлекеттілігімізге, тәуелсіздігімізге, тархиымызға, әсіресе, тарихымыздағы зұлматтарға күмән келтірсе – елді іштен шірітетін, қақпамызды жауға ашып беретін «бесінші колонна» сол болмақ.
Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа бүгінгі әңгімесінен кейін бір шешім қабылдау керек. Ол Қазақстанда кіммен бірге болғысы, тұрғысы келетінін айқындауы тиіс.
Қазақстанды күшейтіп, жасампаздық мақсатында маңайына адам топтастыратындармен бірге ме, әлде өзінің мәлімдемелерімен елді жікке бөлетіндермен бе? Екі таңдау тұр.
Жалпы, бұл жағдай «тақырыптың мазмұнын терең түсінбесең, әңгімеге араласпа» деген нақылдың дұрыстығын дәлелдей түскендей болды. Мұндайдың соңы қоғамда өрт салуы мүмкін.