Сарыағаштық шаруа жаңа технологиямен құлпынай өсіруде

Dalanews 15 қар. 2023 09:05 1470

Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде жаңа технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер Аширафи Шимбергеновтың 10 жылдық тәжірибесі бар. Ол Италия және Голландия мемлекеттерінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан.

Қазіргі таңда, 15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындарды жұмыспен қамтуда. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі.  Ол күннің нұры және арнайы тігілген көрпешелердің жылуы арқылы өсіріледі.




Жеке кәсіпкердің шаруасымен танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі жаңа жұмыс орындарымен толығып келе жатқаны игі іс екенін атап өтіп, қолданып жатқан жаңа үлгідегі құлпынай өсіру әдісін әрі қарай дамыту жолдарын бірге талқылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар