Жиынға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің баспасөз хатшысы – кәсіби медиатор Ж.Елубаева, Орталық кеңестің жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі – кәсіби медиатор Г.Қайдарбеқызы, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Ү.Айтөреева, Сарыағаш қаласы мен аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, белсенді ардагерлер мен кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын еркін форматта өтілуіне байланысты қоғамдық негізде сайланып, жұмыс істеп жатқан ардагер-медиаторлар, яғни билер арасында қызу пікір талас пен өзара тәжірибе алмасу болды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылғандай сот жүйесін одан әрі жаңғырту және «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасын іске асыруды тапсырғаны белігіл. Бүгінде Президент тапсырмасын басшылыққа алған Сарыағаш ауданының атқамінерлері бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Біздің бұл сөзімізге Сарыағаш ауданында сотқа дейінгі татуласу орталығының ашылып, тиімді жұмыс істеп жатқаны айқын мысал бола алады. Бүгінде орталықта азаматтарға келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі сотқа дейінгі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Жиын соңында арнайы келіп, жиынның өткізілуіне мұрындық болып отырған, осы жұмыстардың кәсіби мамандарына сұрақтар беріліп, тиісті жауаптар ала отырып, ұсыныстар айтылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі