Freedom Inside '26

Сарапшылар инфляция болжамын көтерді

Сарапшылар инфляция болжамын көтерді
pixabay.com
Сарапшылар Қазақстан бойынша инфляциялық күтулерді қайта қарап, бірқатар көрсеткіштерді жоғарылатты, деп хабарлайды Dala News.
 
Макроэкономикалық сауалнама нәтижесіне сәйкес, мұнай бағасына қатысты болжамдар да жоғары түзетілген.
 
Brent маркалы мұнай бағасы:
•2026 жылы – $80;
•2027 және 2028 жылдары – $70 деңгейінде күтіледі.
 
Экономикалық өсім болжамы айтарлықтай өзгермеген.
 
ЖІӨ өсімі:
•2026 жылы – 5,0%;
•2027 жылы – 4,6%;
•2028 жылы – 4,3%.
 
Ал инфляция бойынша күтулер қайта қаралған.
 
2027 жылға болжам 8,0%-дан 8,6%-ға дейін көтерілген.
2026 және 2028 жылдарға болжам өзгеріссіз:
•2026 – 10,0%;
•2028 – 7,0%.
 
Осыған байланысты базалық мөлшерлеме бойынша күтулер де өскен.
 
2027 жылға болжам:
•12,0%-дан 13,3%-ға дейін көтерілді.
 
Ал:
•2026 жыл соңына – 15,9%;
•2028 жылға – 11,3% деңгейінде күтіледі.
 
Сонымен қатар теңге бағамына қатысты болжам жақсарған.
 
USD/KZT бағамы:
•2026 жылы – 515 теңге (бұрын 535);
•2027 жылы – 532,5 теңге;
•2028 жылы – 550 теңге деңгейінде болжануда.