Сарапшы Қазақстан Ресеймен шекарадағы бақылауды не үшін күшейткенін айтты

Көркем Алдабергенова 02 қаз. 2025 16:26

Қазақстан билігі Батыс тарапынан салынған шектеулерге алаңдап, шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр деген пікір айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан–Ресей шекарасында Қытайдан шыққан жүк тиелген мыңдаған фура жиналып қалған. Құзырлы органдар оларды мұқият тексеруде: санкцияға ілінген тауарлар мен қосарлы мақсаттағы өнімдерге, әсіресе дрондар мен электроникаға ерекше көңіл бөлінуде.

Логистикалық компания өкілі Максим Емелиннің айтуынша, бұл уақытша қиындық емес, жаңа қалыптасқан жағдай.

"Бақылау күшейіп келеді, Батыстың санкцияларын сақтау барған сайын қатаңдануда", – дейді ол.

Сонымен қатар, қазақстандық және ресейлік шенеуніктер заңды тауар тасымалына тосқауыл жоқ екенін мәлімдеуде.

Санкциялық қысым

Еуропалық комиссия Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін бекіткен болатын. Жаңа шектеулер мұнай саласына, теңіз тасымалына, әскери өндіріс пен делдал мемлекеттерге әсер етеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл тізімге Қазақстан да кіруі ықтимал.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар