Sarap? Ел дамуына эксперттік клуб керек

Dalanews 29 мау. 2022 10:39 1274

«Қаңтар оқиғасынан» кейін біз басынан бақайшығына дейін жаңа мемлекет құруға талпынып жатырмыз. «Жаңа Қазақстан» идеясы содан туған дүние. Жаңа мемлекет құру жоспарлы түрде жасалған жоба емес. Бұл уақыт талабынан туды. Қазақстан халқы отыз жыл бойы батпандап кірген өтіріктен, парақорлықтан, тонаудан, заңсыздықтан әбден шаршаған, содан мысқалдап шығудың жолында қазір. Қысқасы, «Жаңа Қазақстан» құруға халықтың өзі мұқтаж болды, бұл пісуі жеткен мәселе еді. Мұның бәрі қажеттілік, әрине. Осындай қоғамдық, мемлекеттік қажеттіліктен «Sarap» эксперттік клубы құрылды.

Естеріңізде болса, биыл 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын жариялады. Бұл жолдау қоғам қажеттілігінен туған, әңгіме басында айтқан мемлекет қажеттілігінен туған жолдау еді. Бұл әрине халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған Президент бастамаларының бірі болатын. Мұны жүзеге асыру өте өзекті әрі күрделі процесс екені анық.

Жолдауда көрсетілген жаңа саяси реформалар мен 10 бағыт бойынша әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау – қоғамдық белсенділік пен біліктілікті талап ететіні анық. Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда өткеннің қателігін қайталамай, әрбір бастама қоғам ойынан, халықаралық тәжірибелерден және де эксперттік сараптамалардың жиынтығынан қалыптасуы аса маңызды.

Президенттің бастамасымен 5 маусым күні Конституциялық өзгерістерді іске асыратын жалпыхалықтық референдум өтті. Сөйтіп, «Жаңа Қазақстан» идеологемасы мен мемлекеттік басқарудың моделін жаңартуды көздейтін «Екінші республика» ұғымдары қатар пайда болды. Әрине, мемлекетіміз үшін тарихи кезең болып табылатын дәл бүгінгі күні ақпараттық, идеологиялық жұмыс жүргізу, әрі елде болып жатқан саяси процестерге сауатты талдау жүргізу уақыттың талабы. Осы мақсатта елдің қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық даму барысын талдап таразылап отыратын, жаңа идеялар ұсынып, халықтың сұрағына ашық жауап қататын алаң ретінде «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ бастамасымен «Sarap» эксперттік клубы құрылды. Клубтың жұмыс бағыты туралы айттық.

«Sarap эксперттік клубының негізгі міндеттері қандай? Кез келген ұйымның мақсаты мен міндеті, жоспары болатыны сияқты, «Sarap» эксперттік клубының да өз міндеттері бар. Мысалы, жаңа саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудың ықтимал салдарын зерттеумен айналысады. Саяси жүйені қозғалысқа келтіретін механизмдерді ұсынып отырады; қоғам мен билік арасында сенім мен диалог орнауына дәнекер қызметін атқарады.



Жаңа Қазақстанда жаңа саяси мәдениет пен қоғамдағы өзара жауапкершіліктің артуына жол ашады. Белгілі саясаттанушылар, қаржыгерлер, экономистер мен қоғам белсенділерінің басын қосып, білікті мамандармен елімізде қордаланған мәселелерді талқылап, сауатты талдамалық ұсыныс әзірлеу, қоғамдық пікір қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Қоғамдық сананы түбегейлі жаңғырту, трансформациялау арқылы жарқын болашақтың бейнесін қалыптастырту сияқты ұлы міндеттері бар.


Әрине, саяси реформа тек қана белгілі бір заңдарға өзгеріс енгізу немесе жаңа бір номативтік-құқықтық базаны қалыптастыру емес, ең бірінші кезекте ол еліміздегі саяси процестерді жаңарту, заман талабына сай жаңғырту болып табылады. Осы мақсатты ту еткен «Sarap» эксперттік клубының отырыстары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті маслихат депутаттарының, қоғам белсенділерінің, саясаттанушылар мен түрлі сала өкілдерін қамтыған сарапшылардың қатысуымен өтіп отырады.

Түсіндіре кетейік. Отырыс дөңгелек үстел, сұрақ-жауап форматтарында республикалық деңгейде жүзеге асады. Эксперттік талдау кезінде әр спикерге 5 минуттық регламент беріледі. Спикерлер сөздерінен кейін талқылау бөлімі басталады және отырыс соңына қарай ашық микрофон бөлігінде қатысушылар, журналистер өздерінің сұрақтарын қоя алады. Бұл клуб қызметінің ашықтығын, ешқандай шектеудің жоқтығын көрсетеді. Сонда клуб отырыстары еркін форматта өтеді.

«Sarap» эксперттік клубының отырыстары еліміздің барлық аймақтарын қамту үшін республика көлемінде көшпелі сараптамалық отырыстарын өткізеді. Осы арқылы өңірлердегі саясаттанушылар, заңгерлер мен маслихат депутаттары, әр аймақтағы азаматтық қоғам белсенділерін эксперттік талқылауға тартып, жергілікті халықтың сұрақтарына жауап беріп отырады. Бұл процестер әрине елімізде атқарылып жатқан саяси реформаларға қатысты өңірлерде қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етіп отырады.

Енді сол аймақтарда өткен отырыстарға тоқтала кетсек. Мәселен, 2022 жылдың 3-мамырынан 20-мамыр аралығында референдум бойынша «Sarap» эксперттік клубының 7 отырысы өткен. Аймақтар бойынша Петропавл, Өскемен, Түркістан өңірлері қамтылып, Нұр-Сұлтан қаласында орталықтандырылған 4 отырысы өтіпті. Әрбір эксперттік отырыс мемлекет басшысының Қазақстанды дамытуға, саяси жүйені жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларын, президент жолдауында белгіленген міндеттерді, «Жаңа Қазақстан», «Екінші республика» ұғымдарын талқылау мен  шешу жолдарын сараптауға арналып отырды.

Эксперттік талдауларға Мәжіліс депутаттары, партия белсенділері, басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысып, президент жолдауы мен елімізде атқарылып жатқан саяси реформаларды жан-жақты сараптап, қоғамдық пікір тудырып, халыққа жеткізуге тырысты. Конституциялық референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, қоғам мен журналистерден  келіп түскен сауалдарға мамандар тарапынан жауаптар берілді.


«Sarap» эксперттік клубының отырыстарына отандық баспасөз дерлік шақырылды. Мәселен, «Qazaqstan», «Хабар», «AstanaTV», «Еуразия» бірінші арнасы», «Qyzyljar», «Altai», «Ontustik», «Turkistan tv», «Айғақ» сынды  телеарналар шақырылған. Ал сайттардан «Baq.kz», «Inform.kz», «DK News», «Zakon.kz», «Kior.kz», «Ruh.kz», «Inbusiness.kz», «Elorda.info», «Mail.kz», «Ult», «Baigenews», «KazInform» порталдарында, жергілікті газеттерде, «Instagram», «Facebook» және «Telegram» әлеуметтік желілерінде ақпараттық материалдар мен шараға қатысты посттар  жарияланып отырған.

Клуб бір айда жалпы саны 238 қатысушыны қамтыған 7 отырыс өткізіп, онда Президент жолдауы, саяси реформалар мен республикалық референдумға қатысты 6 тақырып эксперттер тарапынан талқыланып,  республикалық және аймақтық телеарналарда жарияланған сюжеттер саны 36 болса, республикалық, аймақтық газеттер мен БАҚ беттерінде жарияланған мақалалар саны 149, ал «Facebook», «Инстаграм», «Телеграм» әлеуметтік желілерінде 84 пост жарияланған.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумның өткізілуіне байланысты 3 аймақта сауалнама жүргізілген.  «Рефрендумның өткізілуін қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба?», «Референдумға қатысасыз ба, жоқ па?», «Конституциялық өзгерістер туралы ақпарат білесіз бе, білмейсіз бе?» деген сұрақтар қойылған қатысушыларға.

 

«Sarap» эксперттік клубының референдум бойынша сауалнама нәтижелері төмендегідей:

«Sarap» эксперттік клубының арнайы телеграм каналы ашылып, эксперттер тарапынан айтылған ойлар мен республикалық референдумға қатысты ақпараттар тұрақты түрде жарияланып тұрады қазір. Телеграм каналға жазылушылар саны – 420 адамға жеткен. Алдағы уақытта жазылушылар саны артатыны анық. Өйткені клуб көтерген тақырыптар өте өзекті, әрі қажетті.

«Sarap» эксперттік клубы аз ғана уақыттың ішінде мамандар тарапынан саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді талқылаудың, шешу жолдарын ұсынудың жаңа диалогтық алаңын қалыптастырып үлгерген. Бұл мақсатты аудиториямен тұрақты жасалынып жатқан кешенді жұмыстың нәтижесі қазақстандықтардың пікірі мен көзқарастарына әсер ететінін ескеру қажет.

Негізгі мақсат халық пен қоғамның ортасында, билік пен халықтың арасында диалог құра отырып, ел азаматтарымыздың саяси сауатын арттыру, өркениетті саяси мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.


Дәл қазір әлемде геосаяси ахуал өте күрделі. Осындай қиын кезеңде елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформаларды әрбір қазақстандыққа түсіндіру қажет. Осы орайда, жалпыұлттық идея қызметінің маңыздылығын сезіндіру бойынша идеологиялық блоктың мүлтіксіз, эффективті ұйымдастырылған әлеуметтік-саяси жобалар кешенін қалыптастыру аса маңызды екенін айта кетейік. «Sarap» эксперттік клубы осы жоғары сенімді ақтап, мемлекеттік мүдде мен елдік мәселелердің оңтайлы шешілуіне өзіндік үлесін қоса біледі деп сенеміз.

 

Сарапшы көзімен:


Бауыржан СЕРІКБАЕВ, саясаттанушы: «Sarap» билік пен халықтың ортасындағы дәнекер»

«Sarap» эксперттік клубы әр сала бойынша мамандардың басын біріктіріп, еліміздегі экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелердің барысын талқылып, шешу бағыттарын сараптайтын платформа болып табылады.

Осы уақыттар ішінде референдум бойынша өңірлерді аралап, халыққа түсіндіру бойынша жергілікті эксперттермен, сарапшылармен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Бүгінгі таңда «Sarap» эксперттік клубының арнайы телеграм каналы ашылып, эксперттер тарапынан айтылған ойлар мен республикалық референдумға, өзге де процестерге қатысты ақпараттар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

«Sarap» эксперттік клубы – мамандар тарапынан саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді талқылаудың, шешу жолдарын ұсынудың жаңа диалогтық алаңын қалыптастырды.


Бұл мақсатты аудиториямен тұрақты жасалынып жатқан кешенді жұмыстың нәтижесі қазақстандықтардың пікірі мен көзқарастарына әсер ететінін ескеру қажет.

Негізгі мақсат халық пен қоғамның ортасында, билік пен халықтың арасында диалогты құра отырып, азаматтарымыздың саяси әлеуетін арттыру, өркениетті саяси мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар