Freedom Inside '26

Сара Назарбаева әлі де ауруханада емделіп жатыр

Сара Назарбаева әлі де ауруханада емделіп жатыр
Dalanews.kz коллажы

Сара Назарбаева әлі де ауруханада емделіп жатыр. Ол Президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде емделіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Науқас емделіп жатыр. Барлық іс-шара медициналық көмектің бекітілген стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен өткізіледі", - деп жауап берген госпиталь Tengrinews.kz сауалына.

Алайда оның диагнозы, қазіргі жағдайы айтылмаған.

Бұған дейінгі жағдай

Айта кетейік, бұған дейін тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай БАҚ-та тарап жатқан ақпаратқа пікір білдіріп, Сара Назарбаева аман екенін мәлімдеді.