Қарағандыда Серік Сәпиевпен төбелескен Дәурен Есімханов бұған дейін де көзге түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025 жылы жазда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімхановпен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Лауазымдық міндетін атқару кезінде мемлекеттік қызметтің әдеп қағидатын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілген. Десе де бұл түсіндіру жұмысына қандай жағдай себеп болғаны айтылмаған.

Айта кетейік, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
