Саңлақ спортшы Сағынтаевқа алғыс айтты

Dalanews 30 сәу. 2021 10:58 907

Алматы қаласында жастардың спорт түрлерімен шындап айналысуына бар жағдай жасалынуда. Қазіргі таңда қаладағы шағын аудандарда спорт алаңшалары көптеп саланып, алматылықтардың бұқаралық спортпен шұғылдануына қажетті жағдайлар жасалынуда.

Осы ретте Универсиада ойындарының күміс жүлдегері, гимнастшы Нариман Құрбанов Алматы қаласы әкімі Бағытжан Сағынтаевтың қалада спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанына ризашылығын білдіріпті.

– Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың спорт саласына көңіл бөлуі бізді қуантып жатыр. Қазіргі таңда Алматыда спорттық нысандар көптеп салынып жатыр. Бұл Алматы қаласы инфрақұрылымының дамуына, қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына көп септігін тигізеді.


Сонымен қатар біздің болашақ чемпиондардың шығуына да әсер етеді. Біз, алматылық спортшылар, көк туымызды желбірететін ізбасарларымыздың көп болғанын қалаймыз. Талантты, қабілетті жастар жарыққа шығып, өздерін спорт әлемінде сынап көрулері үшін ең бірінші олардың дамуына қолайлы орта туғызу өте маңызды. Осы орайда қала басшылығы небір бастамаларды көтеріп жатыр. Әсіресе, шеткі аудандарға көңіл бөліп жатқаны өте орынды деп еспетеймін. Өйткені қаланың шет жағында халық көп, балалардың дамуына мұндай орталықтар аса қажет, – деп гимнастшы Нариман Құрбанов өз ойын ортаға салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар