Академик, сейсмология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Сейсмология институтының бұрынғы директоры Танатқан Абақанов еліміздегі сейсмологиялық станциялардың санына емес, деректерді дұрыс талдай алатын мамандардың тапшылығына назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мұнша станция орнатылды дейміз... Жапонияда 9 мыңдай станция бар. Одан не өзгерді? Қытайда 4 мыңнан астам, Иранда 2 мыңнан асады. Станциялар өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек, тек санын айтып мақтану үшін емес. Егер алынған мәліметті түсініп оқитын, терең талдап беретін маман болмаса, мұның бәрінен пайда жоқ. Қазір бізде деректі жинау, өңдеу, талдау мен дұрыс қорытынды жасау мәселесі назардан тыс қалып отыр", – деді Танатқан Абақанов YouTube-тегі "Sreda" арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, 23 шілдеде Қазақстанның екі бірдей облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінген болатын.
Айта кетейік, 2025 жылы 23 шілдеде Астана уақытымен 15:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелген еді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі мәлімдеді.
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың күші бірнеше елді мекенде 2–4 балл аралығында сезілген.
Жер сілкінісі сезілген өңірлер:
-
Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы – 4 балл
-
ШҚО, Самар ауданы, Самарское ауылы – 4 балл
-
Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы – 4 балл
-
ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті – 4 балл
-
ШҚО, Өскемен қаласы – 4 балл
-
ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті – 3 балл
-
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы – 3 балл
-
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай (Зыряновск) қаласы – 3 балл
-
ШҚО, Риддер (Лениногорск) қаласы – 3 балл
-
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы – 3 балл
-
ШҚО, Шемонайха қаласы – 3 балл
-
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы – 3 балл
-
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы – 2 балл
-
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы – 2 балл
-
Абай облысы, Аягөз қаласы – 2 балл
-
Абай облысы, Семей қаласы – 2 балл
-
ШҚО, Катонқарағай ауылы – 2 балл
-
Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы – 2 балл
-
ШҚО, Күршім ауданы, Буран ауылы – 2 балл
-
Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы – 2 балл
-
ШҚО, Күршім ауданы, Марқакөл ауылы – 2 балл
-
Абай облысы, Жаңа-Семей ауданы, Жоламан кенті – 2 балл
-
ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы – 2 балл
-
Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы – 2 балл
Ал 5 қарашада Алматыда 3 балдық жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл жағдай тұрғындардың үрейін алып, төтенше жағдайға дайындық мәселесін қайта еске салды. Осыған байланысты Марат Нұртас жер сілкінісі қаупін бағалап, алдағы уақытта болуы мүмкін сейсмикалық белсенділікті болжау үшін арнайы зерттеу жүргізгенін мәлімдеген еді.
Наурыз айында Dalanews.kz агенттігі Марат Нұртастың табиғи құбылысқа байланысты пікірін сұраған болатын. Қоғамда кеңінен талқыға түскен бұл сұқбатта зерттеуші халықты көктем және күз айларында ерекше сақ болуға шақырған еді.