Сандуғаш Дүйсенова «Достық үйін» береке-бірліктің алтын арқауына айналдырады

Dalanews 22 қыр. 2020 15:08 827

Алматы облыстық Достық үйіне жаңа директор тағайындалды Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың шешімімен Сандуғаш Елубайқызы Дүйсенова «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.

С.Дүйсенова 1968 жылда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетің «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары республикалық және облыстық БАҚ-да журналист болып жұмыс істеді. «Желтая газета» қоғамдық-саяси газетінің директоры – бас редакторы болған.

Сандуғаш Дүйсенова қайырымдылықпен, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, қараусыз қалған қарттарға, ата-анасы тастап кеткен жетімдерге кәсіпкерлер тауып көптеген көмек көрсетуде.

Сандуғаш Елубайқызының табандылығы мен өткірлігін, іскерлігі мен адамгершілін ерекше бағалауға болады. Жетісу жұртшылығы Сандуғаш Елубайқызын баспасөзінің шынайы жанашары, майталман журналисті, халқына қызмет етудің үлкен үлгісін көрсеткен тұлға деп біледі.

Сандуғаш Елубайқызы саяси күрес алаңына шығып алып кейбіреулер құсап жалған бедел, арзан ұпай алу мақсатын емес, елдік мәселелерді ту етіп көтеріп, биік мінберлерден білікті ұсыныс-ойлар айтуымен ерекшеленіп жүрген санаулы журналистердің бірі. «Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың» деген сөз бар. Солай екен деп Сандуға сәмбі талша иілгенін ешкім көрген емес.

Ол қаламының қуатын ұлттық, проблемалық жайттарға арнады. Ең алдымен, қарапайым адамдардың мүддесін қорғай білді. Ондайда алдында тау тұрса да ықпайтын қайсар мінезін Жетісу халықы жоғары бағалайды. Қаламгер әріптесіміз Жетісуды мекендегін халықты ұлты мен тегіне қарамай көмек қолын созып келеді. Біздің бұл сөзімізге көз жеткізу үшін қаламы қарымды журналистің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбалары мен постарына қарасаңыз, короновирус кезінде Алматы облысындағы ауқатты адамдардың басын қосып, талай адамға қол үшін созғанына көз жеткізуге болады. Осылайша Сандуғаш Елубайқызы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жұрттың алғысына ие болуда.

Алдағы уақытта көпшілігімен танылған Сандуғаш ханым Жетісу жерін мекендеген өзге ұлт өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, аймақтағы татулықтың жандануына барынша үлес қосатына сенім артамыз.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Тәңірберген Қасымберкебаевты зейнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салған еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар