Мұндай көмек бүгінде елордадағы №8 емханасы мен Орталық темір жол ауруханасына, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медицналық көмек стансасына көрсетілді.
– Дәрігерлер коронавирусты жұқтырғандардың өмірі үшін бес ай бойы күресуде. Бүгінде оларға үлкен ауыртпашылық түсіп отыр. Акцияға қатыса отырып, біз дәрігерлерге жағымды жағдай жасап, осы қиын кезде қолдау көрсетуді жөн деп таптық, – деп атап өтті Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.
Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Айларбек Шыршықбаев әріптестерінің атынан дәрігерлердің еңбегін бағалап, көмек көрсеткен еріктілерге ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, SK Volunteer волонтерлер лигасы «Волонтер жылында» құрылып, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіріп отыр. Еліміздің кез келген азаматы volunteer.sknews.kz сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.
Қор жанандағы волонтерлік топ төрт бағыт бойынша жұмыс істеуде. Qamqor – мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау, Umit – қоғамдық волонтерлік жұмыс, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.
Естеріңізге сала кетсек, жақында Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Аталған құжаттың аясында Қор 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қордың ішкі резервтерінен Нұр-Сұлтан және Алматы қаладарында инфекциялық аурулардың алдын алу мен бақылаумен айналысатын екі заманауи медициналық орталық құрылысына қаржы бөленеді.