Түркістандық делегация Самарқанда Түркістан облысының туристік потенциалын таныстыру, екі ел арасында туризмді дамыту, өңірге халықаралық рейстерді ашу бойынша өзбекстандық тараппен кездесуге келді.
Кездесу аясында Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының орынбасары Нұрдәулет Медеуов, “Қазақтуризм” өкілдері Қазақстанның, оның ішінде Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстырды.

Шараның модераторы ретінде сөз алған Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов Түркістан облысының туристік әлеуетін, туризмнің үш бағытын атап өтті.

Еуразия аймағының барлық негізгі құрлықтық транзиттік жолдарының қиылысында орналасқан Орталық Азия аймағы әрқашан Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениеттері арасындағы "коммуникациялық дәліз" рөлін атқаруда.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Түркістан-Самарқанд бағытында алғашқы әуе рейсі жасалды, бұл туризмді дамыту саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға қосымша ынталандыру болады.