Кейінгі кездері Желіде Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты талқылаулар қызу жүріп жатыр. Бұл туралы Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбахова парақшасында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, Желіде Салтанаттың өміріне қатысты бір контекстте әңгіме тараған.
"Контект бәрінде бір – бұл аффект жағдайында жасалған қылмыс деп жатыр, одан бөлек, жазба авторлары біртүрлі аналогия келтіреді. Біреуі аффектті адреналинмен шатастырса, енді бір мектептегі буллинг туралы айтады. Олардың оқудың өзі жиіркенішті, менің жазған пікірлері жазба авторлары жауап бермейді. Тіпті бізге сот алдында ақпараттық шабуыл көбейеді деген сөз жетті. Сол кезде адамдардың шынайы бет-бейнесін көреміз", - дейді Жанна Оразбахова.
Айта кетейік, 2023 жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы болған еді. Артынша мейрамханада әйелін өлтірді деген күдікті Бишімбаев екені расталып, ол қамауға алынған болатын. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.