Сәкен Майғазиев те «квартирант» болған

Dalanews 28 шіл. 2016 04:57 793

Әнші Майғазиев отбасылық өміріндегі қиындықтары туралы айтып, бір кездері пәтерден-пәтерге көшуге мәжбүр болғанын тілге тиек етті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәкен Майғазиев отбасылық өмірінің бастапқы кезеңдерінде пәтерден-пәтерге көшуге мәжбүр болғандарын айтып берді. Ол тіпті жылумен дұрыс қамтылмаған жатақханаларда тұрған көрінеді.

– Суретте Әділет екеуіміздің ұйқыны теуіп жатқан кезіміз. Киімімізбен қарағанда үй суық-ау. Жатақханадан жатақханаға, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген кезіміз ғой. 2000 жылдар шамасы. Алла тағала баршамызға жақсы түс көруді нәсіп еткей, – дейді Сәкен Майғазиев.

Жазбаны оқыған жұрт таң қалысты. Себебі, Сәкен Майғазиев жуырда ғана үйінің ауласын видеоға түсіріп, өзінің қымбат кешенде тұратынын байқатқан болатын.

Десе де, олар әншінің отбасына ақ тілектерін жаудырып жатты. “Сондай сүйкімдісіздер, әсіресе балаларыңыз”, “Сүйкімді болып ұйықтайды екенсіз”, “Сол кездегі керемет бейне, сол кездегі қым-қуат тіршілік қой”, Өміріңіздің мәнді де сәнді болуына шын жүректен тілектеспін” деп жазады желі қолданушылары.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар