Мәжіліс сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құжат сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіруге және сайлау талаптарының сақталуын күшейтуге бағытталған.
Түзетулерге сәйкес енді кандидаттардың сайлау қорынан тыс қаржы тартқаны немесе сайлау қорынан төленбеген материалдық көмекті пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізіледі.
Мәжіліс отырысында заң жобасының тағы бір бөлігі конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталғаны айтылды. Атап айтқанда, нормалар бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуына байланысты өзгерістерге сәйкестендірілді.
Сонымен қатар құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты конституциялық нормалар да ескерілген.