Сағынтаев қапыда оқ тиіп қайтыс болғаны баланың отбасына көңіл айтты
Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.
Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақатпен реанимацияда.
Бақытжан Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі.