Риддердегі жылу орталықтың қарызы 3,3 млрд теңгеге жеткен

Dalanews 19 мау. 2023 05:21 309

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңір бойынша алғашқы сапарын өңірдегі ең маңызды нысандардың бірі – "Риддер ЖЭО"  АҚ жұмысымен танысудан бастады. Онда жылу орталығының басшылығымен және жөндеу жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдармен кеңес өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысына нысанды қайта құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндалды. Жаңадан тағайындалған Бас директор Игорь Михайленко 5 жыл бұрын осы ЖЭО-ны басқарған және оның ерекшеліктерін жақсы біледі.

– 2018 жылы 5 қазандық жұмыс істеді, 1 резервте болды, 4 турбина жұмыс істеді, 52 МВт өндірілді және компанияның шотында 1 млрд теңге болды. Меншік иелері жылу орталығына тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізбей пайдаланып келген. Қазір қарыздары  3,3 млрд теңгені құрайды, – деді Бас директор Игорь Михайленко.


Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өңір басшысы сұрақтарды тыңдап, бейінді ведомстволардың басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

– Мен осы уақыт ішінде қаланың игілігі үшін жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге, сондай-ақ шыдамдылық танытып, жағдайды түсінген  риддерліктерге  алғыс білдіремін. Жылыту маусымының басына дейін  жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін бар күшімізді саламыз. Біз бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуіміз керек, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар