Риддер жылу орталғындағы ТЖ жою үшін тәулік бойы жұмыс жүруде

Dalanews 08 қар. 2022 17:55 947

Риддердегі Жылу электр орталғындағы төтенше жағдайды салдарын жою үшін төрт тәуліктен бері Қазмырыш, Кэмонт, Өскемен және Согра ЖЭО, Востоквзрывпром және КО ӨК сияқты ШҚО кәсіпорындарының өкілдері тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Риддер жылу станциясы учаскелерге бөлінген және олардың әрқайсысы белгілі бір кәсіпорынның жауапкершілік аймағы болып табылады.

ТЖ жою жөніндегі жедел басқарманы басқаратын өңір басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, 2 қазандық агрегаты іске қосылып, бүгін сағат 15:00-де тағы бір қазандықты жылыту басталды. Жүйеде температура 57 градусқа дейін көтеріліп, жылу беріле бастаған .

– 21.00-де  жоғары қысымды қазандық іске қосылады. Маңызды міндет – №4 қазандықты жөндеу. Өкінішке орай, Риддер ЖЭО басшылығы оның жұмысындағы ақауларды анықтау үшін ештеңе істемеген. Біз олар үшін мұны істеуге мәжбүрміз және жеті күн ішінде біз осы қазандық агрегатын іске қосу үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргіземіз, – деп атап өтті ШҚО әкімі.


Билік риддерліктерге шыдамдылық пен түсіністік танытқаны үшін алғыс айтады. Өйткені жылыту жүйесіндегі температураны мүмкіндігінше тезірек көтеріп, жылумен жабдықтауды толығымен қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда.

Алдағы уақытта ЖЭО-ны жеке меншіктен коммуналдық меншікке қайтару мәселесі қарастырылуда. Өйткені қазіргі басшылық өз миссиясын орындамағанымен қоса жабдықты тиімсіз және сапасыз жөндеуден өткізіп, апатқа жол берген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар