Рухани жаңғыру: Созақ ауданында жас суретшілер байқауы өтті

Dalanews 21 қар. 2018 10:09 910

Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын, революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. 

Осы орайда Созақ ауданындағы Таукент кентінің жастар ісі-жөніндегі маманы Р.Тайырұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында жас суретшілер байқауы өтті.

Аталмыш сурет байқауына кенттегі мектеп, колледж бойынша барлығы 8 (сегіз) үміткерлер қатысқанын айта кетелік. Ал комиссия қорытындысы бойынша үміткерлерден алынған жұмыстарына зерделеу, тексеру, бағалау жұмыстары жүргізіліп, байқау жеңімпаздары анықталды. Байқау комиссиясы байқауға қатысушы үміткерлердің жұмыстарының А3 форматта түрлі қол жетімді тәсілдермен салынғанына қарады.

Комиссия қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары:
І – орын І.Кеңесбаев мектебінің 8 – сынып оқушысы Жақып Жансезім
ІІ – орын С.Әліұлы мектебінің 6 – сынып оқушысы Айбекқызы Динара
ІІІ – орын І.Кеңесбаев мектебінің 7 – сынып оқушысы Өміртай Еркін

Байқау жеңімпаздары арнайы демеушілер есебінен мақтау қағазы және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара ұйымдастырушылары өз кезегінде бұл байқауды дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыруға уәде берді. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар