Қостанай облысының Рудный қаласындағы "ERG Service" кәсіпорнына қарасты зауытта жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кәсіпорынның хабарлауынша, оқиға болат балқыту пешінде жұмыс жүргізу кезінде болған. Қаза тапқан жұмысшы шихташы болып еңбек еткен.
Қазір оқиғаның нақты неден болғанын анықтау үшін арнайы тергеу басталды. Компания бұл туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілгенін мәлімдеді.
"ERG Service" басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.