Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында анасы, Халық әртісі Роза Рымбаеваға жаңа көлік берілгенін айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында көліктің ресми түрде өздеріне өткенін жазып, бұл сәтке ерекше қуанғанын жеткізді.

"Болды, көлік ресми түрде біздікі. Өзім алғандай қуанып жүрмін. Мүмкін, көлік өзіме де қатты ұнағандықтан шығар. Бірақ сонда да мұндай эмоция болмас еді", – деп жазды Әли Оқапов.

Әншінің айтуынша, анасы көлікті тек қатынас құралы деп санаса да, ол ағасы Мәди Рымбаев екеуі Роза Рымбаеваның жайлы әрі қауіпсіз көлікпен жүргенін қалаған.

"Анам үнемі "көлік деген тек жүру құралы" деп айтады. Бірақ біз Мәди екеуміз оның лайықты, жайлы әрі қауіпсіз көлікпен жүргенін қалайтынбыз", – деді ол.

Сондай-ақ Әли Оқапов анасының жаңа көлікпен отбасымен бірге Алакөлге барғысы келетінін де жазды.

"Анам қазірдің өзінде: "Алакөлге бәріміз бірге мініп барамыз!" деп айтып жүр. Айтқаның келсін, анашым", – деп әсерлі жазба қалдырды әнші.