Танымал әнші Роза Рымбаева Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуі туралы естелігін бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, шамамен 25 жыл бұрын сахнада жүргеніне ширек ғасыр толған тұста ол Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған.
"Бір жылдары мені Нұрсұлтан Назарбаев мені қабылдады. Ол кезде сахнада жүргеніме 25 жыл толған еді. Мен сол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: "Аға, мен сізді концертіме шақырамын. Келіп арнайы қонақ болыңыз", – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейін қатты есеңгіреп қалғам. Ол мені қолдау үшін концертіме келді. Сол кездері Нұрсұлтан Назарбаев: "Роза, не керек? Қандай көмек қажет?" – деп сұрады. Ал мен болсам "үйім кішкентай, аядай үйде тұрамын, жағдайымыз мәз емес" деп айтуға арландым. Оның орнына "аға, менде бірді-екілі мәселем болса, әкімдікке айтармын" деп жауап бердім. Мен ештеңе сұрамадым. Ол маған алғысын айтты, раушан гүлдерін сыйлады", – деді Роза Рымбаева.
Әншінің сөзінше, сол кезеңде ол жолдасы Тасқын Оқаповтың қазасынан кейін ауыр күйзелісті бастан өткерген. Назарбаевтың концертке келуін өнер иесі өзіне көрсетілген қолдау ретінде қабылдаған.