Роза Рымбаева: «60 жасымда менен сенсация күтпеңдер!»

Dalanews 22 сәу. 2017 04:41 862

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева “Время” басылымының тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында не себепті екінші рет тұрмыс құрмағанын түсіндірді. Әнші өзіне серік болатындай лайықты жанды кездестірмеген көрінеді.

– 60 жасымда менен сенсация күтіп отырсыздар ма? Енді сенсация бола қоймас, себебі өкінішке қарай, мен өмір жолымда лайықты азаматты кездестірмедім. Ал арнайы іздеу салып, әлдебіреуді үйге алып келу ойыма да кіріп шықпапты. Себебі ұлдарымды ойладым. Десе де, әйел ретінде талай рет ер адамның қолдауына зәру болғанымды жасырмаймын. Бірақ енді болмаған екен, амал қанша? Қазір тек шығармашылықпен айналысудамын, үнемі гастролде жүремін. Кеше ғана бір сахнада Лев Лещенко, Полад Бюль-Бюльоглылармен бір сахнада Түркменияда ән салып келдім. Әлі де бұрынғыша Ротарумен, Алла сынды танымалдармен бірге өнер көрсетіп жүрмін. Жалпы бұрынғы кеңестік елдерге Қазақстанның өкілі ретінде шақырғанда өзімді бақытты сезінемін, – дейді Роза Рымбаева.

 

Дереккөзі: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар