Роман Скляр қытайлардың алдында қазақша сөйледі

Көркем Алдабергенова 25 қыр. 2024 11:56 4541

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қытайлардың алдында қазақша сөйледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Белгілі журналист Зарина Ахметжанованың Тикток парақшасына жүктеген видеосында Склярдың қазақша еш мүдірмей сөйлеп тұр. Премьер-министрдің орынбасары сахнада ұзақ сөйлеген. 

Баяндамасында Роман Скляр қазақтың төл әріптерін де еркін дыбыстап тұр. 

Айта кетейік, Қазақстан Қытайдан ірі инвесторларды тартып жатыр. Күні кеше Роман Скляр China Datang Corporatio компаниясының өкілдерімен кездескен болатын. Бұл - Қытайда электрэнергиясын өндіретін ең ірі компаниялардың бірі. 

Склярдың Қытай инвесторларымен кездесуінде электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттарды енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударылған.

Жалпы желіде "Скляр қазақша жауап берді", "Скляр қазақша таза сөйледі" деген видеолар көп. 

Мысалы 2020 жылы Роман Скляр Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен халықпен қазақ тілінде сөйлескен болатын. 

Бұған дейін Роман Скляр журналистерге қазақ тілін қалай үйреніп алғанын айтқан болатын. Скляр репетиторлық қызметке де жүгінбеген. 

"Мен алты жасымда ауылда тұрғанмын. Жарты жылдай ауылда болдым. Содан қалған болуы керек. Жеке репетиторым жоқ. Оған уақыт табу да қиын", - деген еді Скляр.

Сонымен қатар, Роман Скляр Қазақстанның кез келген азаматы мемлекеттік тіге құрметпен қарау керегін айтқан болатын. 

"Өкінішке қарай, мен оқыған мектепте мемлекеттік тіл өтпеді. Ал бала күнімде марқұм әкем Жаңаауылда тұратын досына мені апаратын. Ол Павлодардан тоғыз шақырым жерде орналасқан. Алты жасымда ол ауылда алты айдай тұрдым.

Одан кейін үш жылдай сол ауылға ай сайын барып жүрдім. Қазір адамдар Англияға барып ағылшын тілін үйренсе, мен де хобби ретінде қарап, қазақ тілін үйрендім", - деген еді Роман Скляр журналистерге. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар