Роман Скляр “Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесінен шықты

Роман Скляр “Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесінен шықты
Фото: Үкімет

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды. Тиісті өзгерістер Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңартылған құрамға сәйкес, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр директорлар кеңесі мүшелігінен шығарылды. Оның орнына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Шешім холдингтің басқару органының құрамын жаңарту аясында қабылданған.

Айта кетейік, Роман Скляр бұған дейін Үкіметте және ел экономикасының бірқатар маңызды салаларына жетекшілік еткен жоғары лауазымдарды атқарған.