«Резеңке пәтер»: Шымкентте мың шақты пәтерде 30 мыңдай адам тіркелген

Азамат Қойшығара 31 қаң. 2024 12:31 2698


Шымкент қаласында әрқайсысында 20-дан астам адам тіркелген пәтерлер анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Аймақтағы көші-қон қызметінің инспекторлары 28991 азамат тіркелген 1098 пәтер мен жеке үйлерді тексерді. Оның ішінде тек 9102-і өз тіркелген мекенжайында тұрады.


Бүгінгі таңда 10005 жалған тұрғын бөтеннін үйінен тіркеуден шығарылды.



"Рейдтер барысында ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 173 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды", - деп жазды тексеруші органнан.



Сонымен қатар, тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 716 тұлға анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар