Рейтингте көш бастаған Абай облысының әкімі өзіне қатысты сұраққа жауап берді

Қаракөз Амантай 04 қар. 2024 17:09 1663

Әкімдер арасындағы рейтингте көш басында тұрған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз орнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

Ұранхаев кез келген жағдайда халықтың әділ бағасы үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

"Өз басым рейтингтің болғанынан болмағанын құп көремін. Сол кезде осындай сұрақтар туындамайды. Өзімді әріптестеріммен жақсы- жаман деп салыстырғым келмейді. Себебі барлығымыз халықтың бағасы үшін ғана жұмыс істейміз. Ең маңыздысы да сол. Қатар жүрген әріптестерімнен жақсымын деп айтпағанмын. Айтпаймын да. Бұл рейтингтің қалай шыққанын да білмеген екенмін",  – деді Нұрлан Ұранхаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар