Ресейлік миллиардердің суперяхтасы Ормуз бұғазынан еш кедергісіз өтіп кетті

Қаракөз Амантай 28 сәу. 2026 17:45

Құны 500 миллион доллардан асатын ресейлік суперяхта Ормуз бұғазы арқылы өтіп, көпшіліктің назарын аударды. Бұл бағытпен кейінгі айларда жеке кемелер өте сирек жүрген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Bloomberg мәліметінше, 142 метрлік Nord яхтасы Дубайдан Маскатқа бағыт алған. Ашық деректерге сәйкес, кеме ресейлік миллиардер Алексей Мордашовқа тиесілі.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ормуз бұғазында қауіпсіздік жағдайы күрделі. Соған қарамастан, аталған яхта бұл бағытпен еш кедергісіз өткен.

Ресми құжаттарда кеме Мордашовтың жұбайымен байланысты компанияның атына тіркелген. Миллиардердің өзі сапар кезінде яхта бортында болған-болмағаны белгісіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove