Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ресей мен Беларусьтен импортталатын автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасына салынатын утилизациялық алымды екі есе өсіруді көздейтін жоба дайындады. Бұл өзгеріс 2025 жылдың желтоқсанынан бастап Ресейде күшіне енетін жаңа мөлшерлемелермен теңестіру мақсатында ұсынылып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен қатар Қазақстанда құрастырылған автокөліктерге, сондай-ақ ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден, Армения мен Қырғызстаннан жеткізілетін көліктерге қатысты талаптар өзгеріссіз қалады.
Министрліктің пікірінше, аталған шара төлемдер арасындағы теңсіздікті жойып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында баға айырмасынан туындайтын арбитраждың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұл өзгеріс автомобиль нарығындағы жағдайды теңестіруге және импорт саласында тұрақты әрі болжамды саясатты сақтауға бағытталған.
