Ресеймен шекарада 160-қа жуық жүк көлігі жиналып қалған

Ресеймен шекарада 160-қа жуық жүк көлігі жиналып қалған
gov.kz

Ақтөбе облысындағы "Жайсан" көлік өткізу бекетінде Ресей Федерациясы бағытында келе жатқан 160-қа жуық жүк көлігі жиналып қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті дерегінше, бұл жағдай Ресейдің "Сагарчин" көлік өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты болған.

4 қыркүйектен бастап Ресей тарапы жол төсемін ауыстырып жатыр, осыған байланысты көлік қозғалысы бір жолақ бойынша кері режимде ұйымдастырылған. Бұл шекарадағы көлік жылдамдығына әсер етіп отыр.

"Осы мақсатта өткізу бекетіндегі жұмыс күшейтілді, көліктер жақын маңдағы өткізу бекеттеріне қайта бөлініп жатыр, электрон кезектегі слоттардың саны түзетілді. Жүргізушілермен өткізу бекеті алдында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Комитет жағдай үнемі бақылауда екенін мәлімдеді.