Ресеймен шеарада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Ресеймен шеарада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
видео кадры

Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы тасжолындағы көпірде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым өткізу пункті)» автожолының 247-шақырымында орналасқан Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 2026 жылғы 26 шілдеде сағат 05:00-ден 11:00-ге дейін аталған учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.