Ресей Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді

Ресей Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді
Ақорда

Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі (Росфинмониторинг) Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазіргі уақытта Дуровтың аталған тізімге қандай нақты себеппен енгізілгені ресми түрде жарияланған жоқ.

Еске салайық, Ресей Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялағанын хабарлаған едік. ФСБ мәліметінше, Telegram әкімшілігі ресейлік арнайы қызметтердің нұсқасы бойынша террорлық әрекеттер мен басқа да қылмыстарды ұйымдастыру үшін пайдаланылған арналарды, чаттарды және боттарды жоймаған, деп жазады РИА Новости.

Сонымен қатар, Аустралия билігі Telegram мессенджеріне қарсы сотқа жүгінді. Елдің электронды қауіпсіздік жөніндегі реттеушісі eSafety платформаны терроризмді насихаттайтын материалдарды дер кезінде жоймаған деп айыптап отыр.