15 наурыздағы референдуның негізгі кезеңдердің күнтізбесі нақтыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Референдумға қатысты үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпанда басталып, 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Жоспарға сәйкес:
-
21 ақпан – аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, сондай-ақ референдум өтетін учаскелердің шекаралары туралы ақпарат жарияланады;
-
22 ақпан – дауыс берушілердің тізімдері референдум комиссияларына тапсырылады;
-
27 ақпан – 4 наурыз – азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны жөнінде хабарлау жүргізіледі;
-
12–14 наурыз – учаскелік референдум комиссияларына бюллетеньдер жеткізіледі;
-
14 наурыз – тыныштық күні;
-
15 наурыз – референдумда дауыс беру өтеді.
