Қызылорда облысының Арал қаласында зорлық белгілері бар ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Hronika.kz хабарлады.
Оқиға 31 тамыз күні шамамен сағат 17:00-де болған. 1988 жылы туған азамат Ж.-ның денесі жеке тұрғын үйдің ауласындағы гараждан табылған.
Марқұмды алғаш болып туған әпкесі көріп, полицияға хабар берген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі – "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ретінде Арал қаласының 1987 жылы туған тұрғыны Б.М. Жолдасов іздестіріліп жатыр. Мәлімет бойынша, ол бұған дейін сотталмаған.
Қазіргі уақытта күдіктіні іздеу және оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.