Freedom Inside '26

Қырғызстанның бұрынғы президентінің әулетінде қайғылы жағдай орын алды

Қырғызстанның бұрынғы президентінің әулетінде қайғылы жағдай орын алды
vesti.kg

Бүгін Арашан ауылында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың туған әпкесі Айнұр Шаршеновнамен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға ауыл тұрғындары, туыстары, жақын достары, үзеңгілестері және оны көзі тірісінде таныған жүздеген адам жиналды. Қоштасуға келгендер оның жасаған жақсылықтарын, адамгершілігін және өнегелі өмір жолын еске алды.

Nazarnews.org жазуынша, Айнұр Шаршеновна жерлестері мен өзін таныған жандардың арасында зор құрметке ие болған. Ол көптің жадында жоғары адамгершілігімен, мейірімділігімен және қарапайымдылығымен қалды. Онымен араласқан адамдар оның жанашырлығын, кең пейілін және әрдайым көмекке дайын тұратын қасиетін ерекше атап өтті.