Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Алматыда қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Алматыда қамауға алынды
фото: belmarket.by

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Данияр Үсеновтің ұлы Урмат Үсенов Алматыдағы тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Урмат Үсеновпен бірге Қырғызстанның тағы екі азаматы және Қазақстанның бір азаматы күдікті. 

Айта кетейік, Данияр Үсенов Қырғызстан үкіметін 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін басқарған. Ол қызметінен елдегі жаппай наразылықтар мен кейін революцияға ұласқан оқиғалардан соң кеткен болатын.

Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, Үсенов Қырғызстаннан кетіп, алғашында Ұлыбританияға барған. Кейін, 2017 жылы Беларуське қоныс аударып, Даниил Урицкий есімін қабылдаған және «Беларусь ұлттық биотехнологиялық корпорациясы» жабық акционерлік қоғамын басқарған.

Қырғызстанда Данияр Үсеновке қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырылған.