Қылмыстық істегі жазбалар: сот нені тексеруге міндетті?

Қылмыстық істегі жазбалар: сот нені тексеруге міндетті?
Фото: ЖИ

Аудио және бейнежазбаларды қандай жолмен алынғанын анықтамай, қылмыстық іс бойынша дәлел ретінде пайдалануға болмайды. Бұл туралы дәлелдемелерді бағалауға қатысты норманы қараған Қазақстанның Конституциялық соты мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Конституциялық сотқа жүгінуге қылмыстық істердің бірінде аудио және бейнематериалдардың дәлел ретінде қолданылуы себеп болған.

Соттың түсіндіруінше, заңды жолмен алынған мәліметтер ғана дәлелдеме ретінде танылады. Сонымен қатар жазбалардың шынайылығы, іске қатысы және оларды алу кезінде заң талаптарының сақталуы жан-жақты тексерілуге тиіс.

Ал нақты аудио немесе бейнежазбаның заңды түрде алынғанын және оны жинау барысында адамның жеке өміріне қол сұғылмағанын қылмыстық қудалау органдары мен істі қарап жатқан сот анықтайды.