"Қылмыстық іс қозғалған": заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеме жасады

"Қылмыстық іс қозғалған": заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеме жасады
Мейірман Шекеев. Видеодан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, Алматы қаласының прокуратурасы сараптама жүргізіп, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғаған.

"Алматы қаласының прокуратурасы сараптама жүргізіп, қылмыстық іс қозғағаны анықталды", – деді Мейірман Шекеев.

Әзірге істің нақты қай бап бойынша қозғалғаны және тергеудің қандай дерекке байланысты басталғаны белгісіз.

Заңгердің өзі бұл жағдайды әлеуметтік желідегі белсенділігімен байланыстырып отыр.

Құзырлы органдар тарапынан қылмыстық істің мән-жайына қатысты ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ.